Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Жақында Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ҰББ басшысы ЭТҚ полковнигі Ізбасар ЖҰМАЖАНОВ, ТБнің аға тергеушісі ЭТҚ лейтенанты Рауан СҚАҚОВ жəне АМІ жедел уəкілі ЭТҚ подполковнигі Нұржан БЕЙСПЕКОВ Ұлытау ауданына келді.
Аудандық Мəдениет үйінде өткен шарада құзырлы орынның қызметкерлері «Қаржы пирамидасы» тақырыбы бойынша Ұлытау аудандық орталық аурухана, аудандық Мəдениет үйінің еңбек ұжымы мен қызметкерлеріне дəріс өткізді.
Өткізілген дəріс барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қызметі, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ қаржы пирамидаларының негізгі белгілері туралы ақпарат берілді.
Шара барысында қатысушылар тарапынан түскен барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, «Қаржы пирамидасының белгілері» жадынамалары таратылды.