Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам дерті

Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын зерделеудің өзектілігі, әсіресе, экс-министрдің ісіне ұқсас оқиғаларға қатысты айыптау көзқарасын көрсететін қоғамдық пікір контекстінде жоғары.

Бұл элитаның өміріндегі жағдайды көрсетіп қана қоймай, қазақстандық отбасыларда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кеңінен таралуын көрсетіп отыр.
Бұл тақырып Қазақстандағы абьюзбен және неке ішіндегі психологиялық зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келген көптеген әйелдер үшін өзекті болады. Соған қарамастан, қазіргі қазақстандық қоғамда отбасының ішінде болып жатқан зорлық, күш көрсету мен қысымдардың көбі әлі де «бүркеме» астында қалып, құқық бұзушылардың әрекеттері әлі де жалғасып, құқықтық жазаланбай келеді.
Бұл мәселені зерттеу оның ауқымы мен салдарын жарықтандырып қана қоймайды, сонымен қатар елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін тиімді шешімдер мен шараларды іздеуге ықпал етеді.

Нұртай СЕРҒАЗИН,
Ұлытау ауданының полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы.