Төрегелді ШАРМАНОВ – мәртебелі сыйлық иегері

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

Аталған Жарлыққа сәйкес, Қазақ елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлт мақтанышы, Ұлытаудың ұланы, академик Төрегелді Шармановқа медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді.

Өз тілшімізден.