Төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша ОСПАНОВАНЫҢ бұйрығымен «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Думан Айтбекұлы ЖҰМАНОВ тағайындалды. Оны филиал ұжымы мен партия активіне «Nuh Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы – аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ таныстырды.
Думан Айтбекұлы 1983 жылы 18 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосында дүниеге келген.
2000 жылы №1 Ұлытау орта мектебін бітірген.
2005 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 05.06.2006-03.01.2008 жылдары аралығында Ұлытау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
— 03.01.2008-08.10.2009 жылдары – Ұлытау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.
— 08.10.2008-25.10.2010 жылдары – Ұлытау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі.
— 25.10.2010-04.04.2012 жылдары – Ұлытау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
— 04.04.2012-12.09.2013 жылдары – Ұлытау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жөніндегі бас инспекторы.
— 12.09.2013-19.12.2013 жылдары – Ұлытау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы.
— 19.12.2013-26.02.2018 жылдары – Ұлытау аудандық мәслихаты аппараты бөлімінің басшысы.
27.02.2018-01.04.2021 жылдары Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.