Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды

Аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ ауыл тұрғындарымен кездесуі өткен аптада Қоскөл ауылында өтті. Кездесуге аудан əкімінің орынбасары Мақсұт ОСПАНОВ, аудандағы тиісті мекеме, бөлім басшылары жəне ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында əдеттегідей, округ əкімі Қалдыбек Кəкімжанов атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

Баяндамадан кейін ауыл тұрғындары сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мəселен, Жанкелді Жүгініс қияқты көмір бірлестігін қосу жөнінде, Асхат Көбегенов электр жарығына, Жұмағали Кенжалин спорт саласына, Өмірзақ Кенжеахметов ауызсуға, Бекзат Дүйсенов ауыл шаруашылығына қатысты мəселе көтерді. Ал, Райхан Бралина дəрігер маманы тапшы екендігін алға тартса, Абдулла Жаналин жер мəселелерінің шешу жолдарын сұрады.

Жиынға қатысқан аудандық мекеме, бөлім басшылары өз салаларына қатысты көтерілген мəселелерге байыппен жауап беріп, атқарылған һəм атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады.

Ал, аудан басшысы өз кезегінде көтерілген мəселелердің алдағы уақытта шешімін табатындығын жеткізді. Əсіресе электр энергиясына қатысты мəселе аудан бойынша оң шешімін табатындығын жеткізді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Сөз соңында аудан əкімі жиналғандарды Ұлытау облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарымен де таныстырды.

Есептік кездесуден кейін Аманжол Батырбекұлы ауыл тұрғындарын жеке мəселелері бойынша қабылдап, сұрақтары мен өтініштеріне жауап берді.