Тұрғындар тілегі – басты назарда

Мемлекеттік атқарушы билік қызметінің басты талабы – жалпы қоғам мүшелерінің тілектеріне құлақ түру, мұқтаждықтары мен сұраныстарын зерделеу, соның аясында тиімді шешімдер қабылдау. Аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауында осынау жайтты негізге алды.

Барлық санитарлық талаптар мүлтіксіз сақтала отырып өткізілген қабылдауға аудан басшысымен қоғамдық сипаттағы және жеке өздеріне қатысты сауалдары бойынша тікелей жүздесуге ынталы болған жергілікті тұрғындар келді. Олар өздерін толғандыратын  мәселелер тізбегін бүкпесіз ортаға салды. Советбек Тұрсынұлы қабылдауға жазылған азаматтармен кең тұрғыда пікір алмасты.

Әркімнің өтініш-тілегіне зор ынтамен ден қойып, көтерген мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы оларды шешуге қатысты жасалынатын қадамдар туралы толыққанды түсіндірді. Бірқатар мәселелер қолма-қол шешімін тапса, біршамасы, әрине, белгілі бір уақытты талап етеді. Қабылдау кезінде аудан басшысы осындай сипаттағы мәселелер бойынша тиісті салалық мемлекеттік мекемелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Өз тілшімізден.