Тұрғын үй құрылысында кідіріс жоқ

2025 жылы облыста 33 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (7 жалдамалы, 9 несиеге берілетін, 17 коммерциялық), оның ішінде Жезқазғанда 16 үй салынып жатыр. Өткен жылдан бері 12 үй пайдалануға беріліп, шамамен 500 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жезқазғанда ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 2 несиеге берілетін үй пайдалануға беріліп, 300 отбасы жаңа пәтерге ие болады.

«UlytauZhastary» бағдарламасы бойынша жыл сайын 500 млн теңге бөлініп, 45 жас азамат пәтер сатып алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, ескі үйлер сүріліп, инвесторлар есебінен жаңа үйлер салынады.