Тұрғын үй құрылысы: миллиондық жоспар
Қарағанды облысында өткен жылы тұрғын үй құрылысы 4/1-ге ұлғайтылды. Биылғы жылы жоғары жоспарлар қабылданды: көлемдер тағы 18%-ға өсуі тиіс. Алдағы үш жылда тұрғын үй құрылысын миллион шаршы метрге дейін жеткізу мақсаты қойылды.
Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте мәлімдеді.
— Тұрғын үй құрылысы — біздің жұмысымыздың маңызды индикаторларының бірі. Өткен жылы кезекте тұрғандар үшін әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен тұрғын үй 2019 жылға қарағанда 40%-ға артық берілді. Біз бұл динамиканы сақтауымыз керек. Үш жылдық кезеңде тұрғын үй құрылысының көлемін миллион шаршы метр деңгейінде жеткізу міндетін алға қойып отырмыз, — деді облыс әкімі.
Алдын ала қорытынды бойынша, 2020 жылы облыста 529,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді — 2019 жылға қарағанда 25,8% өсіммен.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов 2021 жылы облыста тұрғын үй құрылысын 18%-ға арттыру жоспарланғанын хабарлады.