Құтқарушылар Қарағанды облысының тұрғындарынан елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды
Қарағанды облысында сағат 12.00-ден бастап ауа райы күрт нашарлады. Өңір аумағында дауылды ескерту жарияланды. Автокөлік қозғалысы барлық бағыттар бойынша жабылды.
Облыс ТЖ департаменті тұрғындардан келесі ережеьерге құлақ түруді сұрайды:
— елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға;
— жабылған автожолдарда көлік кептелісін құрмауға;
— мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде болуды.
Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпаратты «Дәрмен» мобильдік қосымшасынан, ТЖД ресми парақшаларынан алуға болады.
Оқиғалар мен ТЖ туралы хабарлауға арналған телефондар: 112, (8-7212) 43-36-36, 43-37-37.