Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақтың кепілі
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі мемлекет беделіне нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлық әрекеттермен күресу.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе білуі тиіс. Ол үшін азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыра түсуге басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе өсіп келе жатқан жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жиілеп жүргізу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күрес жүргізе отырып, мемлекет қаражаттарын талан-таражға салуға жол бермеу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен бүкіл ел болып бірлесе күресу баршамыздың басты міндетіміз.
Мадияр ТОРҒАЕВ,
Ұлытау аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы.