Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселе
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мəселесі болып отыр. Үлкен əлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын əлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың əділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би жəне тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дəлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сəйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық əлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын жəне демократиялық мемлекеттің саяси жəне қоғамдық институттарына кері əсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пəрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-əрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тəртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке жəне оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі бəрімізге айқын. Атап айтқанда, ол сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңнаманы, құқықбұзушылықтың деңгейін төмендету бойынша арнайы шараларды жетілдіруге құқық қорғау жəне сот жүйесі қызметін оңтайландыруға, азаматтық қоғаммен өзара əрекетке, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер əкелетіндігі күмəнсіз.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Ақнұр ДОМБАЕВА,
Ұлытау аудандық сот əкімшісінің басшысы.