Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу –  Қазақстанның бүгінгі күні күрделі мәселесі болып отыр.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет». Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың, қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, түптеп келгенде билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Аумақтық инспекциясы басшысының азаматтарды қабылдауы күн сайын 16-00-ден 17-00-ге дейін жүргізіледі. Аумақтық инспекциясы басшысының жеке табысы, мүлкі және мекеменің сенім телефоны бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып отырады. Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде стенд орнатылып, тиісті ақпараттық кеңес алуға мүмкіндік жасалынған.

ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы.