Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жəне кез келген ықтимал (мүмкін болатын) сыбайлас жемқорлық көріністерін (толығымен жою) толық болдырмау болып табылады. Қазіргі таңда ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан жедел өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін жергілікті əскери басқару жəне басқару органдарының тиімді жұмыс істеуі үшін заңнамалық жəне ведомстволық деңгейдегі барлық қажетті стандарттарды əзірлеген.
Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанын қорытындылау мақсатында Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде құқық қорғау органдарының қатысуымен, атап айтқанда Қарағанды гарнизонының Əскери полиция басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, əділет подполковнигі Ж.Қайдарұлының қатысуымен жеке құрамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп өтті. Онда ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Əдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы ережелері). ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары жеткізіліп, ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлер мен əскери құрылымдарда, оның ішінде жергілікті əскери басқару органдарда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы мəліметтер жеткізілді жəне жемқорлыққа жол бермей, алдын алу шаралары талқыланды.
Сыбайлас жемқорлық құрамдастарының көрінісі, əдетте, көрсетілетін қызметті алушы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланыста болған жағдайда туындайды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлықтың таралуына ықпал ететін себептерді анықтау жəне жою жөніндегі мемлекеттік функциялар тетіктеріне егжей-тегжейлі талдаулар жүргізді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ешқандай жемқорлық фактілері мен қылмыс орын алмағанын атап өтті.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 8 (71035) 2-14-71, 2-16-01 байланыс нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.