Су тасқынына қатысты жағдай Қарағанды облысы әкімінің жеке бақылауында
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Бұқар жырау және Абай аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралады. Ең алдымен ол Құлайғыр ауылында болып қайтты.
Су тасқыны кезінде бөгет жотасының апаттық жай-күйіне байланысты осы елді мекенді бірнеше рет су басу қаупі туындаған. Мұнда «Топар» бөгеті қаралды. Ол 1937 жылы салынған, көптеген жылдардан бері оның тозығы жеткен. 2020 жылы гидротехникалық құрылысты күрделі жөндеу басталды. Жұмыстарды биыл аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2020 жылы Топар өзенінің 2,6 шақыым арнасын санациялау бойынша жүргізілген жұмыстар қаралды, одан кейін өңір басшысына Шерубай-Нұра өзенінің шамамен 17 шақырым арнасын санациялау жұмысы туралы айтылды.
Жеңіс Қасымбек Шерубай-Нұра және Ынтымақ су қоймаларының су торабын, Сасықкөл көлін, сондай-ақ Ақтөбе, Жаңаталап, Қызылжар және Тегісжол ауылдарын аралап көрді.
Келесі ат басын тіріген жер Садовое ауылы болды. 2015-2017 жылдары, көктемде, ол су астында қалды. Жағдайдың қайталанбауы үшін 2017 жылы 3,6 шақырым қашықтықтағы қорғаныс жер білігі нығайтылды.
Содан кейін Чкалово ауылы тексерілді, онда 2017 жылы ұзындығы 2,5 шақырым қорғаныс білігі салынды.
Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек Самарқанд су қоймасының гидроторабында болды. Мұнда санитарлық Су ағызу жалғасуда.
Келесі кезекте облыс басшысы Ғабиден Мұстафин кентінің айналасында тұрғызылған қорғаныс білігін тексерді.
Көп жылдық бақылаулар негізінде облыста автомобиль және темір жолдарының 139 су тасқыны қаупі бар учаскелері, сондай-ақ су тасқынына бейім 174 елді мекен анықталды. Олардың барлығы ерекше бақылауға алынды.
Ғарыштық мониторинг деректері бойынша бүгінгі таңда облыс аумағының 85%-ы қармен жабылған. Қазір Қазгидромет мамандары су тасқыны кезеңіне нақты болжам беру үшін зерттеулер мен өлшеулер жүргізуде.
Азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Бұл 6 700 адам және 1 600 бірлік техника.
Ұшып бақылаудың қорытындысы бойынша өңір басшысы қар тазалау және шығару, гидроқұрылыстар арқылы су өткізу жұмыстарын назарда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік, 2020 жылы Қарағанды облысының 33 елді мекенінің аумағында 22 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері мен үйінділері салынды және нығайтылды, 9 шақырымнан астам су бұру арналары салынды және жөнделді, су түбін тереңдету, жағалауды бекіту жүргізілді, өзен арналарының 12 шақырым су тасқыны қаупі бар учаскелері тазартылды және кеңейтілді, 65,5 шақырым дренаждық және су бұру жүйелері тазартылды, 74 учаскеде су өткізу қабілеті ұлғайтылды.
Жалпы, 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін облыста 220 шақырым қорғаныс үйінділері тұрғызылып, нығайтылды, елді мекендердегі 67 шақырым өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелері тазартылды.