Су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды
Бүгін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Үсеновтің төрағалығымен алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелеріне арналған zoom-жиналысы өтті. Жиналысқа қала, аудан әкімдері, сонымен қоса бірқатар мекеме, ұйым өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Б.Билялов баяндама жасады. Баяндамада көтерілген мәселелерді қатысушылар жан-жақты талқылады. «Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ басшысы М.Аккожин, «Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» РММ басшысының м.а. А.Абжанов жиынның маңыздылығына тоқталып, бүгінгі күні барлық гидротехникалық құрылымдардың жағдайларын тілге тиек етті.
«Қазгидромет» РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалы директорының м.а. Б.Есеналиев қардың қалыңдығы туралы ақпарат беріп, табиғаттың тосын жағдайларына дайын болу керектігін жеткізді.
Жиналыс соңында Ұ.Үсенов су тасқыны кезеңіндегі ТЖ алдын алу шараларын жүргізу, сондай-ақ көктемде азаматтардың тіршілік нысандарының тұрақты жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.