Су шайып кеткен жолға кезекшілік қойылды
15 наурыз күні облыстық маңызға ие «Жезді – Қарсақпай – Байқоңыр – Қоскөл» бағытындағы автокөлік жолының 182-183 шақырымын тасқын су шайып кетті. Қазір қауіпті жол жол учаскесінде сигналдық ленталар орнатылып, арнайы техниканың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Су шайған жол бөлігінде 1 дана Урал вахтовка, 1 погрузчик және 1 самосвал жұмыс істеуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны аяқталғанға дейін автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша шектетілді.
Су тасқыны аяқталғаннан кейін мердігер «Дорожник» ӨК тарапынан жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.