СТРИТ-ВОРКАУТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ұлытау ауылының орталығында жастардың сұранысы бойынша заманауи стрит-воркаут алаңы ашылды. Жаттығу элементтері орнатылып, алаңға бетон құйылып, тартанды төсеніш төселді. Темір шарбақпен қоршалып, түнгі жарық шамдары орнатылған.

Сонымен қатар, Абай көшесінде балаларға арналған ойын алаңы да пайдалануға берілді. Тұрғындардың өтінішімен жасанды шөп төселіп, қажетті жабдықтар орнатылған бұл алаң – биыл аудан орталығында салынған екінші ойын алаңы.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.