Стратегиялық жоспарлау – ілгерілеу кепілі
Тəуелсіз мемлекетіміз өзінің тарихи жолында талай сындарлы кезеңдерден өтіп, бүгінгі күні ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Ендігі басты мақсаттарымыздың бірі – əлемнің қарыштап дамып кеткен мемлекеттерінің қатарына қосылу. Дамудың қазақстандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қалануы тиіс.
Тəуелсіз Қазақстанымыздың стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруда əрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар. Əлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен ел бола отырып, мемлекетіміз 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу принципін басты меже деп алуы тиіс деп есептеймін. Қазақстан 2050 стратегиясындағы алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап еліміздің əр азаматы мемлекетіміздегі əлеуметтік əділеттілік пен əлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Халқының əлеуметтік жағдайы – мемлекеттің дамуының көрсеткіші болып табылады. Мемлекетіміз бүгінгі таңда əлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отыр. Президентіміз Қ.Тоқаев ұсынған биылғы Жолдауында тəуелсіз мемлекетіміздің ішкі жəне сыртқы саясатына экономикалық əлеуметтік-мəдени дамуына тікелей ықпал ететін оның əлеуеттілігін қамтамасыз етіп, тұрақты түрде алға жылжуын бағдарлайтын бағдарламалар айқындалған. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің экономикалық, əлеуметтік жəне саяси дамуының нақты жолдарын көрсетуші құжат деп білемін. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары елдің жаңа экономикалық бағытының негізгі міндеттері мен параметрлерін анықтайды. Бұл құжатта маңызды экономикалық салаларды дамытудың стратегиялық көрінісі, коронавирустық дағдарыстың салдарын теңестіруге жəне жаңа экономикалық шындық пен қазіргі жағдай аясында тұрақты, инклюзивті жəне сапалы экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған негізгі саясатты жетілдіру жөніндегі нұсқаулар көрсетілген. Жоспар халықтың өмір сүру сапасы мен əл-ауқатын жақсартуға бағытталған түбегейлі институционалдық жəне салалық реформалардың негізін қалайды. Денсаулық сақтау мен білім беру қызметін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нəтижелі жұмыспен қамтуға жəне əлеуметтік əлауқатты арттыруға ерекше назар аударылды.
Жанар ЫСҚАҚҚЫЗЫ,
аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.