Әскери колледж оқуға шақырады

Əскер – елдің қорғаны. Щучинск қаласы Ш.Уəлиханов атындағы ҚР ҚМ Əскери колледжі жас талапкерлерді оқуға шақырады. Ш.Уəлиханов атындағы əскери колледжі 1996 жылы 1 шілдеде ашылған. 2001 жылы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы УƏЛИХАНОВТЫҢ есімі берілді.

Бұл əскери колледжге оқуға түскен түлектер тегін білім алып арнайы жатақханамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар үш мезгіл тамақ, қыстық- жаздық киіммен, төсек орынмен мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Үміткерлерді қабылдау 2023 жылдың шілде айының 28-30 аралығында жүргізіледі.

Белгілі себептермен көрсетілген уақыт аралығында құжаттарды тапсыруға үлгермейтін үміткерлер үшін қосымша 5 тамызға дейін құжаттар қабылданады. Толық мəлімет пен ақпарат алу үшін көрсетілген байланыс телефондарындағы WhatsApp немесе телеграмм желілеріне хабарлама қалдыруға болады. (87719075257, 87026041661, 87057269709). Білім алушылар 11-сыныптан кейін оқуға түсіп, 1 жыл 10 ай қазақ жəне орыс тілдерінде білім алып, кəсіби сержант болып ел алдындағы қасиетті борышын өтеуге аттанады. Оқу орнының өзге оқу орындарынан ерекшелігі, түлектерге кіші сержант əскери шені беріліп, сержанттың құрам қатарында əскери бөлімшелерге келісімшарт бойынша əскери қызметші болып жұмысқа орналасады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан баспанамен қамтамасыз етіп, «В,С» деңгейлі жүргізуші куəлігін жəне 3-ші санатты жүргізуші куəлігін береді. Азаматтық жоғары оқу орнын сырттай тапсыратын болса, мемлекет оқу ақысының жартысын төлеп береді. Жаңа жұмыс орнына барғанда 500 мың көлемінде сауықтыру өтемақысы төленеді.

Əскери колледжге түсу үшін түлектер ҰБТ тапсырмайды, тек орта мектепті бітіру аттестаты немесе колледж дипломының ортақ ұпайы 3,0 –ден төмен болмауы керек. Аттестатты қолға алып, дене жаттығуларынан арнайы нормативтерді тапсыру үшін психологиялық жəне физиологиялық тұрғыда дені сау болса жеткілікті. Жоғарыда аталған колледжге оқуға тапсыру үшін талапкер, Ұлытау ауданының Қорғаныс істері бөліміне келіп өтініш жазып, қажетті құжаттарды жинап, медициналық бақылаудан өтеді. Байланыс тел 8 (7103521471). Алдағы уақытта ел іргесін күзетіп, парызын өтеуге бел буып, қорғаныс саласында қызмет еткісі келген ұландарға айтарымыз біреу ғана. Б. Момышұлы атамыз айтқандай, «Елім, жұртым деп еміренген бабалар аманатын аяқ асты етпеу — əрбір қазақ баласының қасиетті борышы».

Ұлытау ауданының Қорғаныс істері бөлімі.