Әскери есепке тіркеу шарасы жалғасуда
Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында жазылғандай: Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
Яғни Конституциямыздың осы бабына сәйкес Қазақстан Республикасының №561 – IV 16 ақпан 2012 жылғы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16-бабы «Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу» және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығын және Ұлытау ауданы әкімінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №51/2 қаулысына және 2021 жылғы 23 желтоқсандағы 2022 жылы тіркеуді ұйымдастыру туралы №2 шешімін басшылыққа ала отырып, аудан көлемінде 2005 жылы туылған азаматтарды 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ұлытау ауданының шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу іс-шаралары өткізілуде. Тіркеу өткізу кезеңінде жастармен әңгімелесу, әскери қызметке жарамдылығын растайтын медициналық тексеру жүргізіліп, қажетті құжаттар алынып, жеке істері рәсімделуде. Осы әскери есепке алғаш рет тіркелген азаматтармен Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Қорғаныс министрлігінің Жоғарғы әскери оқу орындары бойынша да үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, келісім-шарт бойынша әскери қызметтің болашағы және мүмкіншіліктері түсіндірілді. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу ағымдағы жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін жалғасын табады. Қосымша ақпарат алу үшін Ұлытау селосы Абай көшесі 17 мекенжайы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласуға болады.
Ұлытау ауданының Қорғаныс істері бөлімі.