«ӘСКЕРДЕГІ ҚЫЗМЕТ — ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫ ЖӘНЕ МІНДЕТІ!»

Соңғы уақытта əлеуметтік желілерде азаматтарды əскери қызметке шақыру кезіндегі проблемалық мəселелер белсенді талқылануда. Біздің елімізді қорғау əрбір азаматтың қасиетті борышы жəне конституциялық міндеті болып табылатынын (Конституцияның 36-бабы) жұртшылыққа жеткіземіз.

Жыл сайын Қазақстан Президенті азаматтардың шақыруын жариялайды.

Оны ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жəне «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Заңға (бұдан əрі – Заң) сəйкес жүзеге асырылады. Əскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақыруға жатады (Заңның 31-бабы).

Əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті əскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті.

Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі (Заңның 30-бабы).

Əскери міндетті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді де ішкі істер органдары жүзеге асырады (Заңның 17-б. 3-т.).

Бұл ретте, əскери қызметтен жалтару Қылмыстық Кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа əкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.

Баяндалғанды ескере отырып, азаматтарды саналы болуға, ал жұртшылықты жүргізіліп жатқан шақыру науқанына түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Ұлытау ауданының Прокуратурасы.