Өсімдіктерді өңдеу — жауапты іс

2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Қазақстан Республикасы «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 13-бабының 1 тармағы, 14 — 5-бабының 3 тармағына және Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай – ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15- 02/584 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясына өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы төмендегі көрсетілген фитосанитариялық есептілікті жолдау мерзіміне сәйкес тапсыруларыңызды сұраймын.

Есептілікті Ұлытау селосы, Бұлқышев көшесі 30 үй мекен жайы бойынша келіп тапсыруға және электронды түрде 87103521513 нөміріне немесе assanali.zh@minagri.gov.kz электронды поштасына жолдауға болатындығын хабарлайды.

Фитосанитариялық есепке алу нысандарын фитосанитариялық есепке алу субъектілері аудандық инспекцияға есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:

  • пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті пестицидтерді, биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, энтомофагтарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін және бір рет 20 қаңтарға дейін;

2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есепті жылына екі рет, 10 шілдеге дейін бір рет, 10 қаңтарына дейін бір рет;

3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есепті жыл сайын 10 қаңтарына дейін;

4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті қолында бүріккіш және дәрілегіш техника мен жабдық (ауылшаруашылығы авиациясы, аэрозольдік генераторлар, атомайзерлік, штангалық, вентиляторлық бүріккіштер, бүріккіш және дәрілегіш техниканың өзге түрлері) бар фитосанитариялық есепке алу субъектілері жыл сайын, 10 қаңтарға дейін;

5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті меншікті өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін пестицидтерді, биоагенттерді қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есеп беруден кейінгі әр айдың 5-не дейін;

6) химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есепті химиялық өңдеулер жөніндегі қызметті көрсететін фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын наурыздан қыркүйекке дейін, есеп беруден кейінгі әр айдың 5-іне дейін;

7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыру туралы есепті тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын зарарсыздандыруды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері жыл сайын, 10 қаңтарға дейін;

8) пестицидтерді, биоагенттерді сақтауды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің қойма үй-жайларының болуы туралы есеп, жыл сайын, 10 қаңтарға дейін.

Жомарт АСАНӘЛІ, ҚР АШМ АӨК МИК «Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас маман, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.