Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
(Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат және Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын ұйымдарға (объектілерге) есепке алу нөмірлерін беру) (жеке және заңды тұлғалар назарына)
Қазақстан Республикасы аумағында өсімдік тектес өнімдеріне карантинді объектілердің енуі, бүлдіруі қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау іс-шаралары «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына 2020 жылдың 26 мамыр № 186 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне және «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
Өсімдіктер карантині саласында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бүгінгі күні ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Заңның және осы Қағиданың талаптарына сәйкес Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат және Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын ұйымдарға (объектілерге) есепке алу нөмірлерін беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Осыған орай, жеке және заңды тұлғалар Тізбеге сәйкес карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелу карантинге жатқызылған объект орналасқан тиісті аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) беретін осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуге келісім-хат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуге келісім алу үшін портал арқылы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуге өтініш береді.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы мәліметтерді аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) және көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес «карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған
Карантиндік объектілер Қазақстан Республикасы аумағына жүру жолында олардың таралуын болдырмайтын арнайы контейнерлерде (сыйымдылықтарда) әкелінеді.
Карантиндік организмдерді ұстау зертханаларда оқшаулау жағдайында жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушылар кейіннен өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен карантиндік объектілерді жою үшін аумақтық бөлімшені (көрсетілетін қызметті беруші) карантиндік объектілерді пайдалана отырып жүргізілген ғылыми зерттеулердің аяқталғаны және тиісті зертханада залалсыздандыру жүргізілгендігі туралы хабардар етеді. Карантиндік объектілерді жоюға және тиісті зертхананы залалсыздандыруға байланысты жұмсалған шығындарды көрсетілетін қызметті алушы төлейді.
Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелген көрсетілетін қызметті алушылар карантиндік объектілердің Қазақстан Республикасының аумағында таралуының алдын алу үшін карантиндік фитосанитариялық шаралар қабылдайды.
Карантиндік объектілермен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысын мәлімделген зертхана шегінде жүргізеді, бұл ретте жұмыстарды ашық топырақта жүргізуге және карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағына ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелінген карантиндік объектілердің таралуының алдын алу мақсатында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар көрсетілетін қызметті алушылардың карантиндік объектіні ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалануға байланысты шектеулерді сақтауларына тұрақты бақылауды мен қадағалауды жүргізеді.
Сонымен қатар, мынандай жағдайларды ескеру керек:
- Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге арналған келісім-хат әрбір карантиндік объектіге беріледі және берілген күннен бастап 6 (алты) ай бойы жарамды болады.
- Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге арналған келісім-хат бір реттен артық пайдаланылмайды.
- Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге арналған келісім-хат зертхананың осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес биологиялық қауіпсіздіктің әр түрлі деңгейіндегі карантиндік объектілерге арналған зертханаларда оқшаулау шарттарының тізбесінде баяндалған талаптарға сәйкестігін айқындау бойынша бақылау жүргізу нәтижелерімен беріледі
Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды береді.
Көрсетілген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін – келісу-хатты немесе уәжді бас тартуды басшылықтың қарауына дайындайды және енгізеді.
1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшылығы келісім-хатқа немесе уәжді бас тартуға қол қояды және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне береді. Көрсетілген мерзімде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі келісім-хатты немесе электрондық құжат нысанындағы уәжді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жолдайды. Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат немесе оны беруден уәжді бас тарту аумақтық орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында ресімделеді.;
Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісім-хатты беруден уәжді бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) осы Қағидаларға 13-қосымшада баяндалған биологиялық қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейіндегі карантиндік объектілерге арналған зертханадағы оқшаулау шарттарының тізбесіне сәйкес келмеуі;
2) карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісім-хатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісім-хатты беру үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісім-хатты алуға байланысты қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.
Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын ұйымдарға (объектілерге) есепке алу нөмірлері беріледі.
Қызмет түрі мен өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын кодтан тұратын есепке алу нөмірі осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес айқындалады. Қызмет түрін қамтитын код өндіріс объектісінің қызмет түрінің әріптік символдарынан тұрады. Өндіріс объектісінің нөмірі елдің кодынан, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өндіріс объектісінің реттік нөмірінен тұрады.
Өндіріс объектісінің реттік нөмірі астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтінішті тіркеу кезектілігіне сәйкес айқындалады.
Есепке алу нөмірі қызметтің бүкіл кезеңіне беріледі.
Экспортты жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің есепке алу нөміріне «Е» символы қосымша енгізіледі.
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін тиісті аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) береді.
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін көрсетілетін қызметті алушы тиісті аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті берушіге) портал арқылы немесе аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы:
1) осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге өтінішті;
2) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін куәландыратын құжат (аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне жүгінген кезде жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) және көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне немесе порталға жүгінген кезде:
1) аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтінішті келіп түскен күні тіркейді және оны аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор тағайындайды.
2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор:
өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын қарайды және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, аумақтық бөлімше (қызмет беруші) көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартады;
8 (cегіз) жұмыс күні ішінде карантинге жатқызылған объектінің Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың 9 және 10-бөлімдерінің талаптарына сәйкестігіне тексеруге барады;
карантинге жатқызылған объектіні қарау негізінде осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруді растауды (бұдан әрі – растау) немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Растау немесе уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі не басып шығарылады, аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысының қолы қойылып, мөрмен расталады және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі, ал көшірмелер уәкілетті органның ведомствосына жіберіледі.
- Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын өңдіріс объектілерінің есепке алу нөмірлерінің тізілімін жүргізеді.
Есепке алу нөмірін беруден уәжді бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) карантинге жатқызылған объектінің қойылатын карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі;
2) карантинге жатқызылған объект аумағында карантиндік объектілердің таралу ошақтарының анықталуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының есепке алу нөмірін алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, есепке алу нөмірін беру үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты есептік нөмір алуға байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
Есепке алу нөмірін кері қайтарып алуға мыналар негіз болып табылады:
1) карантинге жатқызылған объект аумағында карантиндік объектілердің таралу ошақтарының анықталуы;
2) карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы;
3) астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу арқылы алынған өнімде тірі және (немесе) тіршілік етуге қабілетті карантиндік объектілердің анықталуы;
4) залалсыздандырылған және таңбаланған сүректі қаптама материалында тірі және (немесе) тіршілік етуге қабілетті карантиндік объектілердің анықталуы.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» ММ