Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
(фитосанитариялық және карантиндік сертификат)
(жеке және заңды тұлғалар назарына)
Қазақстан Республикасы аумағында өсімдік тектес өнімдеріне карантинді объектілердің енуі, бүлдіруі қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау іс-шаралары «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына 2020 жылдың 26 мамыр № 186 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне және «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
Өсімдіктер карантині саласында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Бүгінгі күні ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Заңның және осы Қағиданың талаптарына сәйкес фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында тасуға карантиндік сертификат беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Осыған орай, жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, және тиісті аумақтық бөлімшеге жүгіну арқылы белгіленген нысандағы өтініш толтырады.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда ресімделеді. Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторы өтініш келіп түскен күні тіркеп, 1 (бір) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің дұрыстылығын қарайды. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен үлгілер іріктеліп алынып, карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарауға барады. 1 (бір) жұмыс күн ішінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі рәсімделеді. Осы актінің негізінде «e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың біріңғай автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) арқылы рәсімделіп, қызметті алушыға қағаз немесе электронды нұсқада береді.
Сонымен қатар, мынандай жағдайларды ескеру керек:
- Фитосанитариялық сертификатты алуға түскен өтінішпен бірге өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күннен асырылмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса берілсе өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторы тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, құжаттар толық ұсынылған жағдайда жауапты мемлекеттік инспекоры 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты барлығы 5 (бес) жұмыс сағат ішінде рәсімдейді;
- Фитосанитариялық сертификатты алуға түскен өтінішпен бірге өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күннен асырылмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса берілсе және тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімге (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) өтініш келіп түссе, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторы тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, құжаттар толық ұсынылған жағдайда жауапты мемлекеттік инспекоры 2 (үш) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты барлығы 3 (үш) жұмыс сағат ішінде рәсімдейді.
Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеке қолы мен мөрі (мөртабан) қойылып беріледі.
Фитосанитариялық сертификатты беруден уәжді бас тартулар мына жағдайда жүргізіледі:
- Көрсетілетін қызмет алушының карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбағанда;
- Карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілер анықталған жағдайда;
- Импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарына сәйкессіздік анықталғанда;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органның лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тарту негіз болады;
- Ұсынылған құжаттардың және олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
- Қажетті ұсынылған карантинге жатқызылған өнімнің, деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болғанда;
Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау карантиндік сертификат арқылы жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалар портал арқылы өтініш жібереді. Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электронды нұсқада ресімделеді. Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторы өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағат ішінде ұсынылған құжаттың толықтығын қарап, құжаттар толық ұсынылған жағдайда жауапты мемлекеттік инспекторы 1 (бір ) жұмыс күн ішінде карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін қызметті алушының қатысуымен үлгілерді іріктей отырып, карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барып, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі рәсімделеді. Осы актінің негізінде «e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың біріңғай автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) арқылы рәсімделіп, қызметті алушыға жолдайды.
Сонымен қатар, мынандай жағдайларды ескеру керек:
- Карантиндік сертификатты алуға түскен өтінішпен бірге өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күннен асырылмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілсе, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторы тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, құжаттар толық ұсынылған жағдайда жауапты мемлекеттік инспекоры 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты барлығы 5 (бес) жұмыс сағат ішінде рәсімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
- Карантиндік сертификатты алуға түскен өтінішпен бірге өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күннен асырылмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса берілсе және тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімге (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) өтініш келіп түссе, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторы тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, құжаттар толық ұсынылған жағдайда жауапты мемлекеттік инспекоры 2 (үш) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдау үшін карантиндік сертификатты барлығы 3 (үш) жұмыс сағат ішінде рәсімдейді.
Карантиндік сертификатты беруден уәжді бас тартулар мына жағдайда жүргізіледі:
- Көрсетілетін қызмет алушының карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбағанда;
- Есепке алу нөмірін алған көрсетілетін қызметті алушылар қара өріктің шарка вирусы (Plum pox potyvirus), қалқаншалы және жалған қалқаншалы сымырлардың карантиндік түрлері бар жемістер мен жидектерді өңдеуге жіберген жағдайда карантиндік арамшөптермен (Striga spp.текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) залалданған астық пен оның өңделген өнімдерін қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталғанда;
- Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлектетік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тарту негіз болады;
- Ұсынылған құжаттардың және олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
- Қажетті ұсынылған карантинге жатқызылған өнімнің, деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
- Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болғанда;
Карантинге жатқызылған өнімнің жүру жолы немесе межелі пунктінің баратын мекенжайының өзгерту операциясы осы Қағидаға сәйкес жаңа карантиндік сертификатты рәсімдеумен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында басқа мекенжайға жіберуге жол берілмейді және орны ауыстырылатын карантинге жатқызылған өнім оның межелі, жеткізу пунктінде екінші рет карантиндік жете тексерілуі тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша аумақтық инспекцияның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтық инспекция басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет көрсету мына мекен-жайларда жүргізіледі:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Ұлытау селосы, Бұлқышев көшесі 30 үй, тел. 8(71035) 2-14-44 Жезқазған қаласы, Мира көшесі 26 үй, тел 8(7102) 73-32-72 Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 111 үй, 8(71063) 3-60-25
|