Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер(ішкі және сыртқы карантині) туралы
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық шарттарында, сондай-ақ импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады және осы Қағидалардың талаптары сақталған кезде карантинге Заңның жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес тиісті аумақтық бөлімше ( көрсетілетін қызметті беруші) фитосанитариялық сертификат болған кезде рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама — теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темір жол станцияларында, почта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және экспорттық партияларды қайта тиеу ( қалыптастыру) кезінде өзге де объектілерде импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары куәландырады. Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен, бөтен текті түрлермен залалдану белгілері анықталған кезде, үлгілер зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі, олардың нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану шарттарын жаза отырып, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі жасалады. Жүкті қайта тиемей әкету кезiнде шекаралық пунктте және фитосанитариялық бақылау бекетінде тиеп-жөнелту орнынан берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлға тиісті аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті берушіге) электрондық нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы не қағаз түрінде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына құжаттарды ұсынады.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз түрінде ресімделеді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді
Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не порталға жүгінген кезде: 1) аумақтық бөлімшенің кеңсесі карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтінішті келіп түскен күні (сағат 17:30- дан кейін түскен кезде, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркейді және оны аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды;
2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттартардың толық топтамасын ұсынбаған және ( немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, аумақтық бөлімше ( көрсетілетін қызметті беруші) өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады. Карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді. Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге, өсімдіктер ауруларының белгілеріне, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілеріне ұқсас организмдер анықталған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен карантинге жатқызылған өнімнің үлгілерін алуды жүзеге асырады және карантиндік объектілерге зиянкестер, өсімдіктер аурулары және арамшөптер үлгілерінің түрлік құрамын белгілеу үшін зертханалық сараптамаға жібереді;
Кейіннен карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйіне карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысын бере отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу үшін үлгілерді алуды карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға өтініш бергенге дейін зертхана мамандары көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырады. Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде: сертификатты немесе «e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді; дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің кеңсесіне береді;
3) аумақтық бөлімшенің кеңсесі дайындалған фитосанитариялық сертификатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе оны беруден уәжді бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, фитосанитариялық сертификаттың дайын екендігі туралы хабарлама не оны беруден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін қосымшаға карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің ( көрсетілетін қызмет берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады. Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған
өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды. Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін қосымшаға карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады. Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді ( жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.
Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда: 1) Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініштің дұрыс толтырылуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді;
2) барлық қажетті құжаттар ұсынылған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері оларды «Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО ИАЖ) тіркейді;
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басы сәйкестендірілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпарат және берілген құжаттардың тізімі ХҚО ИАЖ-ға енгізіледі және ББАЖ АЖ-ға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Мемлекеттік корпорация қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді. Көрсетілетін қызметті алушы қолхаттағы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация оның күнтізбелік 30 (отыз) күн сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті алушыға) береді.
30. Фитосанитариялық сертификат өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың жеке қолы мен мөрі (мөртабан) қойылып беріледі және куәландырылады . Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландырады, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалуы туралы мәліметтерді қамтиды.
Фитосанитариялық сертификаттың түпнұсқасы карантинге жатқызылған өнімді жөнелтушіге беріледі, көшірмесі аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) іс қағазында сақталады.
Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау және карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы беретін карантиндік сертификат болған кезде жүзеге асырылады. Облысаралық тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама карантинге жатқызылған өнім пайдаланылатын жерде куәландырады. Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімді өткізуге арналған карантиндік сертификатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тиісті аумақтық бөлімшеге (көрсетілген қызметті берушіге) портал арқылы электрондық нысанда құжаттарды ұсынады.
Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш тіркелген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде: 1) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат алуға арналған өтінішті келіп түскен күні тіркейді (сағат 17:30-
дан кейін келіп түскен кезде, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және оны аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды;
2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы № 3 тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған кезде, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде: карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады және морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге, өсімдіктер ауруларының белгілеріне, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілеріне ұқсас организмдер анықталған кезде, көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен карантинге жатқызылған өнімнің үлгілерін алуды жүзеге асырады және карантиндік объектілерге зиянкестер, өсімдіктер аурулары және арамшөптер үлгілерінің түрлік құрамын белгілеу үшін зертханалық сараптамаға жібереді. Кейіннен карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйіне карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысын бере отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімнің үлгілерін алуды Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауға карантиндік сертификат алуға өтініш бергенге дейін зертхана мамандары көрсетілетін қызметті алушының не көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырады; карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру негізінде қадағалау актісін ресімдейді; карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде өтінішті тіркеген сәттен бастап карантиндік сертификатты немесе ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын өтінішке қоса бере отырып, карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады. Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды. Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды рәсімдеу карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген
жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер , жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесімен тіркелген сәттен бастап 3 (үш ) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады. Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш келіп түскен күні аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды. Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және ( немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, ал көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып карантиндік сертификатты немесе оны беруден қосымшаға уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Карантиндік сертификат өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куаландырылған электрондық құжат нысанында беріледі. Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және осы өнімді жеткізу бойынша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мәліметтер көрсетіле отырып, оның карантиндік жай-күйін куәландырады.
ҚР АШМ АӨК МИК «Ұлытау аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі.