Үшжақты комиссия отырысы өтті
Аптаның басында аудан əкімдігінде аймақ басшысы Советбек МЕДЕБАЕВТЫҢ төрағалығымен əлеуметтік əріптестік жəне əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Күн тəртібінде үш мəселе қаралды. Бірінші мəселе – жаппай кəсіпкерлікті дамытуға жəрдемдесу «Еңбек» нəтижелі еңбекпен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
Екіншісі – аудан кəсіпорындарында қоғамдық жұмыстарды, əлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, «Жастар практикасынан» өту, алғашқы жұмыс орындарына жіберу, «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс орындарын ұсыну жəне қысқа мерзімді оқыту курстарына жолдау жұмыстары.
Аталған екі мəселе бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Баянқұл Аманжолов хабарлама жасады.
Отырыста үшінші мəселе бойынша еңбек ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен аурулардың ауқымы мен салдарын талдау ақпаратын дайындау арқылы түсіндіру жөнінде ауыл шаруашылығы қайта өңдеу ұйымдары жəне мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кəсіподағы Ұлытау ауданы бойынша өкілдігінің төрағасы Шаяхмет Үмбетов ақпарат ұсынды.
Күн тəртібіндегі мəселелерге қатысты аудан басшысы гранттардың талапқа сай берілуін қатаң қадағалау, соған қатысты түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу қажеттілігін қадап айтты. Сондай-ақ, əлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, «Жастар практикасынан» өту жұмысын ұйымдастыруда кенттер жəне ауыл əкімдерімен тізе қосып жұмыс істеу туралы тапсырма берді.
Өз тілшімізден.