Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны басталды
Ұлытау облысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №4 Жарлығына сәйкес Ұлытау облысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны басталды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, бүгінгі таңда Ұлытау облысында өзін-өзі ұсыну жолымен 6 үміткер ұсынылды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну 2022 жылғы 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.
Парламент Сенатының депутаты бола алады:
• 30 жасқа толған;
• жоғары білімі бар;
• кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар;
• тиісті өңірдің аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын тұлға.
Сонымен қатар, үміткер белсенді сайлау құқығына ие болуы керек. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарды, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.