Сенат депутаттары – Ұлытауда

Ұлытау облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серік ШАЙДАРОВ пен Советбек МЕДЕБАЕВ келді. Сапар барысында Сенат депутаттары ауданымызға атбасын бұрып, аудан əкімдігінде ауыл ақсақалдары, аудандық мəслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен кеңес өткізді. Кездесуге облыстық мəслихаттың төрағасы Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ, аудан əкімінің міндетін атқарушы Мақсұт ОСПАНОВ, тиісті мекеме, бөлім басшылары, сала мамандары жəне БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды аудандық мəслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов ашып, сөз тізгінін Сенат депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаевқа берді. Олар өз кезегінде Парламент жұмысына қысқаша тоқталып, Ұлытау облысына жасаған жұмыс барысын баяндады. Сондай-ақ, аудан бойынша басты мəселе электр жарығы мен ауыз су мəселесі бар екендігін айтып, ол мəселелердің шешімін табуына ықпал жасайтындықтарын жеткізді.

Жиынға қатысқан ауылымыздың ақсақалдары жəне мəслихат депутаттары жол мəселесін, жанар-жағармай, газ тарту жəне əлеуметтік сала бойынша мəселелерді көтерді. Сенат депутаттары туындаған сауалдарға жауап беріп, көтерілген мəселелер мен ұсыныстар бақылауға алынатындығын атап өтті.

Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы негізінде аудан бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысы талқыланып, аталған бағдарламаның ауыл тұрғындары үшін жасалынып жатқан жеңілдіктері айтылды.

Бұдан кейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қаракеңгір жəне Алғабас ауылының тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың көкейде жүрген сауалдарын тыңдап, көтерілген əрбір ұсыныстың маңыздылығына тоқталып, олардың кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, Ұлытау-Арқалық, Қаракеңгір-Алғабас бағыттарындағы жөнделіп жатқан автокөлік жолын барып көріп, жұмыс барысын бағамдады.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.