Саяси реформа – елдіктің ұстыны
Президенттің саяси реформалары – демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның қалыптасуы, сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуы мен мемлекетіміздің өркендеуіне əсер ететін негізгі факторлардың бірі деп есептеймін. Бүкілхалықтық референдум нəтижесінде мемлекетімізде əрекет ететін – Заң шығарушы, Атқарушы жəне Сот билігі тармақтарына өзгерістер енгізілді.
Билік тармақтарында орын алған саяси жаңғырулар – еліміздің жаңа деңгейге көтерілуіне себепші болмақ. Осы орайда саяси партиялар алаңындағы өзгерістерге тоқталсақ, Мемлекет басшысының президенттік өкілеттілігі кезеңінде саяси партияға мүшелігін тоқтата тұруы, партиялар жұмысының бəсекелестігінің артуына ықпал етеді деп ойлаймын. Президент реформаларының нəтижесінде партияларды тіркеу рəсімі жеңілдетіліп, бүгінгі күні мемлекетіміздің саяси ортасында жаңа тұлғалардың пайда болғандығы мəлім. Қазіргі таңда елімізде саяси партиялардың маңыздылығы артып келеді. Ағымдағы жылдың 19 наурызында өткізілген сайлау нəтижесінде көппартиялы саяси жүйе орнығып, демократиялық мемлекеттің көрінісі ретінде – саяси плюрализм, яғни мемлекетте орын алып жатқан саяси маңызды оқиғалардың шешімін табуда пікірлердің сан алуандылығы қалыптасуда. Партия мүшелері өздерінің көзқарастары мен пікірлерін білдіру еркіндігін иеленді. Азаматтардың, əртүрлі əлеуметтік топтардың мүдделерін билік тармақтарында жəне атқарушы органдарда білдіру барысында түрлі саяси партиялардың қызмет етуі, елімізде орын алып жатқан мəселелерді жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
Демократия мен плюрализмнің қатар əрекет етуі – мемлекетіміздің жаңа деңгейге көтерілуіне себепші болмақ. Президент реформаларының нəтижесінде партияларды тіркеу рəсімі жеңілдетілді, саяси ортада жаңа тұлғалардың пайда болуына ықпал етті. Мемлекет басшысының президенттік өкілеттілігі кезеңінде саяси партияға мүшелігін тоқтата тұруы, елімізде партиялар жұмысын бəсекелестігіне ықпал етеді деп ойлаймын.
Маржан АХАНОВА,
мұғалім.