Саяси реформа: әділдік, ашықтық, жариялылық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткенін бәріміз білеміз. Ол өз сөзінде саяси реформалар дамудың жаңа кезеңіне жол ашқанын және экономиканы түбегейлі жаңғыртудың берік негізін қалағанын атап өтті.
Мемлекет басшысы ел басқару ісіне халықты көбірек тартуды қарастырып отыр. Алдағы уақытта Президент түрлі ұлттық жобалар мен стратегиялық құжатты талқылауға үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен араластыруға тікелей жол ашуды көздейді. Мұның өзі билік пен халық арасындағы алтын көпірдің іргетасын одан әрі нығайта түспек. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту мен әкімдерді таңдау, жаңа партияларға жол ашу, адам құқықтарының қорғалуын жетілдіру секілді нақты қадамдар іске аспақшы. Осының бәрі – Қазақстанның болашаққа нық қадам жасауы үшін маңызды шешімдер.
Елімізде саяси реформаларды тезірек іске асырмайынша ауқымды экономикалық даму да, азаматтық қоғам қалыптастыру да, ең аяғы тәуелсіздігімізді сақтау да мүмкін емес.
Инклюзивті саясат инклюзивті экономикаға алып келетіні дау тудырмайтынын естен шығармасақ, барлық шаруаны рет-ретімен аптықпай іске асыруды мақсат тұтқан Президенттің бастамаларын жүзеге асыру тек республикалық атқарушы органдарға ғана емес, сонымен бірге қоғамның әрбір мүшесіне тікелей қатысты.
Мемлекетіміздің болашағы тек реформамен емес, біздің азаматтық ұстанымымызбен де айқындалады. Себебі ел тәуелсіздігі – бәріміз үшін басты құндылық.
Жансая ОРАЗБЕКОВА,
блогер, жеке кәсіпкер.