Сарысуда жетістік мол
Сарысу ауылдық округі әкімі Сәтжан Құрманбаевтың 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі
Қаржы саласы бойынша
Жалпы бекітілген қаржылық жоспар бойынша 2020 жылға бекітілгені 41 457 000 теңге. Жоспар бойынша 41 457 000 теңге толықтай игерілді. Оның орындалысы туралы тиісті құжаттары аудандық маслихатта қаралды.
Аудан әкімінің 2020 жылғы «Қатысу бюджеті» пилоттық жоба арқылы берілген 1 500 000 теңгеге Сәтбаев көшесінің орталығына спорттық жаттығу алаңы орнатылды. Аудан әкімінің грантына қатысып ауыл тұрғыны Укаша Нұрсұлтан 900 000 теңгені жеңіп алып, ауыл орталығынан дөңгелек жөндеу шеберханасын ашты. 2021 жылы орталық көшеге балалар ойын алаңын салу жоспарлануда.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Төрт түлік
атауы |
01.01.
2019 |
01.01.
2020 |
01.01.
2021 |
|||
Саны | Пай-
ыз |
Саны | пайыз | саны | Пай-
ыз |
|
Ірі қ | ||||||
ара барлығы | 5910 | 107
% |
7745 | 131% | 7757 | 100% |
Жылқы бар-
лығы |
3900 | 108
% |
5623 | 144% | 5631 | 100% |
Ұсақ мал
барлығы |
21202 | 82 % | 18057 | 85% | 18757 | 103% |
Түйе бар-
лығы |
75 | 109
% |
76 | 101% | 76 | 100% |
Құс барлығы | 450 | 103
% |
517 | 114% | 519 | 100 % |
Қысқы мал азығын дайындау барысында ауылшаруашылық бөлімінің берген жоспары 18874 тонна. Селода 100 шаруа қожалығы тіркелген. Шабындықта 25 шаруа қожалығы шөп дайындау жұмысымен айналысты. Бүгінгі таңда шөптің жоспары толық орындалды. Ауыл тұрғындарының мал ұстайтын үй саны 109, осы үйлерге 3500 тонна шөп түсірілді.
Асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында селода 31 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасына қатысып субсидия алады. Биылғы жылға шаруа қожалықтары 4425 бас аналық сиырға, жалпы соммасы 44 250 000 теңге алды.
Асыл тұқымды бұқалар | 2018 жыл | 2019 жыл | 2020 жыл | Пайдала- нып оты- рған бұқа барлығы |
Қазақтың ақбас бұқасы | 20- бас | 60-бас | 15-бас | 90-бас |
Герефорд | 8-бас | 22-бас | 21-бас | 35-бас |
Әулиекөл | 2-бас | 10-бас | 1-бас | 13-бас |
Барлығы | 30-бас | 92- бас | 37- бас | 138 –бас |
2020 жылға жоспар бойынша жануарларды егу – емдеу туралы
Жануар- лар | Сібір жара- сы | Қара- сан | Оба | Манқа | ту- бер- кулез | Ли- сте- рез | Бру- цлез |
Ірі қара | 7000 | 1000 | 4000 | 500 | 5400 | ||
Жылқы | 4300 | 50 | |||||
Қой-ешкі | 26000 | 17000 | |||||
Түйе | 80 | 80 | 80 | ||||
Құстар |
Электр энергия саласы бойынша
Селоның ток желісі ескірген, соған қарамастан ауылға тұрақты тоу беріліп тұр. Селода 1 подстанция, 12 КТП –жұмыс істейді. Осы жылы көше жарығына (68 фонар) 21 300 кВт токқа 383 400 теңге төленді. Екі көшенің 34-дана шам жаңартылды. Келесі жылы толық барлық көше жарығы жаңартылады. Село бойынша бір жылға 264 438 кВт ток 4 759 884 жұмсалды. Барлық соммасы 5 143 284 теңге жиналды.
Орталықтан бөлек селодан 30- 35 шақырым арақашықтықта Түйемойнақ, Үштаған бағыттарында тоқ желісі тартылған. Ток тұрақты беріліп тұр. Дегенмен ток желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Сарысу селосы бойынша шаруа қожалықтарының лизингке алған техникалары туралы
Техника атауы | 2018 жыл | 2019 жыл | 2020 жыл |
Ауылша- руашылық теникасы | Погручик – 1 дана Косилка КТУ- 4,0- 4 дана | МТЗ- 892.2, 1-дана
Пресс тюковый-1 шт Косилка КТУ-4,0- 1 дана |
МТЗ- 892.2,
3-дана Пресс тюко- вый- 1 шт |
Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында жайылымдарды суландыру бағдарламасы арқылы 5 шаруа қожалығы су ұңғымасын қаздырды. Жалпы соммасы -10 000 000 теңге. «Сыбаға» мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы арқылы 6 пайызбен 7 шаруа қожалығы (129 бас ірі қара, 700 бас қой, 50 бас жылқы) 88 700 000 теңгеге мал сатып алды және ТОО «КХСТ» арқылы 15 шаруа қожалығы киіз үй және айыршана (снегоход) алуға келісім-шарт жасады.
Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету
Ауыз су құбыры «Жезбұлақ» КММ-нің меншігінде. Ауыз суға «Жезбұлақ» КММ-і бекіткен тариф бойынша әрбір отбасы мүшесіне 150 теңге болса, суды үйге кіргізгендер үшін 300 теңгеден төлеп отыр. Аудан басшыларымен келісе отырып биылғы жылы жалпы халық өздерінің қаражатымен үйлеріне ауыз суды кіргізіп алды.
Көшедегі 25-дана колонканың саны қысқартылды. Қажеттілікке байланысты бүгінгі таңда 8 –дана калонка жұмыс істеп тұр.Тіккөзов көшесіне жаңадан колонка тартылды. Сонымен қатар су мұнарасы 7 600 000 теңгеге жаңадан салынды.
Білім саласы бойынша
«№7 Сарысу ЖОББМ» КММде спорт алаңы, спорт зал, асхана, кітапхана, акт залы жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ биылғы оқу жылында 12 500 000 теңгеге жаңадан «котельный» салынды. 6 850 000 теңгеге мектеп ішіндегі әжетхана жаңартылды.
№ | Сараптамалық ақпарат | 2018-
2019 |
2019-
2020 |
2020-
2021 |
1 | Жалпы оқушы саны | 135 | 142 | 133 |
Оның ішінде: даярлық сыныбы | 8 | 24 | 9 | |
2 | Ұстаздар саны | 34 | 33 | 34 |
Жоғары білімді | 25 | 22 | 25 | |
Арнаулы орта білімді | 9 | 9 | 9 | |
3 | 11 сыныпты бітірушілер саны | 4 | 6 | 16 |
Жоғары оқу орнына түскендер | 3 | 2 | 4 | |
Колледжге түскендер | 1 | 3 | 2 | |
Еңбекке орналасқандар | — | — | — | |
4 | ҰБТ сапасы | 62,7% | 72 % | 62,7 |
Денсаулық сақтау саласы бойынша
Ауыл тұрғындарына 1 медициналық пункт қызмет етеді. Ұжымда 7 адам жұмыс істейді. Дүниеге келген бала саны -7. Бір жасқа келгенше балаларға қосымша сүт беріліп отыр. Туберкулезге қарсы 85 бала екпелерін алды. Жедел жәрдем Уаз автокөлік жұмыс істеп тұр. 2021 жылы жаңадан фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда.
Биылғы жылғы індетке байланысты Сарысу ауыл халқы «Індетке қарсы күрес» қайырымдылық жобасына қатысып 2 473 000 теңге қаржылай үлес қосты.
Мәдениет саласы бойынша
Сарысу селолық клуб үйінде 16 адам жұмыс істейді. Оның 6 адамы мәдениет саласының қызметкері, 9 адам шаруашылық жұмыскерлері және 2 аусымдық (от жағушы) жұмыскер жұмыс істейді. Клуб үйінде жыл бойы арнайы бекітілген мәдени іс-шаралар, жоспар бойынша атқарылуда. Елімізде болып жатқан індетке байланысты барлық іс-шаралар тұрақты түрде онлайн түрінде өткізілуде.
Биылғы жылы клуб үйіне жаңа жылу қазандығы салынып, қазан айынан бастап клуб үйіне күрделі жөндеу ( ИП Тәжібаев) жұмыстары жүрізілуде.
2021 жылы клуб үйінің қоршауы жаңартылуы жоспарлануда.
Ішкі істер саласы бойыша
Қылмыстың алдын-алу жасөспірімдер арасында қылмыстық әрекет болдырмау шаралары үнемі бақылауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының орындалысы қадағалануда. Әскери міндетті шақырылғандар көктемгі және күзгі шақырылымдарға дер кезінде аудан орталығына жеткізілді.
Село бойынша мал ұрлығының алдын-алуға байланысты, дала жолдары мен мал жайылымдары ауыл тұрғындары мен учаскелік полицияның қатысуымен мал жайылымының бағытына байланысты 3 бағытта кезекшіліктер ұйымдастырылды.
Автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
Іс -шара
атауы |
2021 жыл |
Автокөлік жолдары | Түйемойнақ-Сарысу арасындағы 20 шақырым асфальт жолына СЖҚ жасап. Күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымда-
стыру. |
Сатпаев көшесінің 1,5 шақырым ішкі жолына ағымдағы
жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. СҚ дайын. |
|
Сүйінбай көшесінің 700 метр ішкі жолына ағымдағы жөн-
деу жұмыстарын ұйымдастыру. СҚ дайын. |
|
Уалиханов көшесінің 600 метр ішкі жолына ағымдағы
жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. СҚ дайын. |