САНА мен РУХТЫ СЕРПІЛТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Əділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы туралы алуан сипатты пікір білдіруге болады. Ең бастысы, бұл Жолдау ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Президент басымдық берген бағыттарды бағамдауға ықыласты болдық. Шынында да Жолдау маңыздылық деңгейімен ерекшеленді. Əділетті Қазақстан құрудың нақты жолдары көрсетіліп, оны жүзеге асыруда алда тұрған міндеттерді айқындап берді. Əсіресе, еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуын, халқымыздың жағдайын жақсарту, жастар тəрбиесіне ерекше мəн беру, кəсіпкерлікті дамыту, жерімізді тиімді пайдалану сияқты көптеген игілікті шараларды жүйелі жүзеге асыруды тапсырды. Жалпы айтқанда, Мемлекет басшысының бұл Жолдауынан халқымыздың əл-ауқатының артуына деген ерекше бір леп сезіліп тұрғандығы көрініс береді. Ел-халық үшін қабылданған Жолдаудың нақты өмірде шынайы жүзеге асатындығына өз басым кəміл сенемін.
Бақтияр ҚОЖАХМЕТОВ,
Ұлытау облыстық мəслихат депутаты.