Сайлаушылармен кездесті
«Nur Otan» партиясынан облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер тобы сайлауалды бағдарламамен таныстыру мақсатында Шеңбер ауылдық округіне барып, тұрғындармен жүздесті.
Ауылдың сыртқары аумақпен қатынас жолы жартылай жөнделіп, көшелерге қосымша жарық көздері орнатылған. Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа спорттық жаттығу алаңы іске қосылған. Интернет желісі орнатылып, «Beeline » байланыс жүйесі іске қосылуда.
Кездесуден кейін мектеп мұражайы ашылып, лентасы қиылды.
Өз тілшімізден.
(Материалды жариялау төлемақысы «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының қорынан төленді).