Сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

Бүгін 20 қараша Қазақстан Республикасының Президент сайлауы өтіп жатыр. Ұлытау аудан бойынша барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00 ден бастап өз жұмысын бастап кетті. Ұлытау ауданы бойынша 30 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 7102 қатысушы тіркелген.
Алғашқы сайлаушылар учаскелерге келіп, азаматтық ұстаным танытып, өз таңдауын жасады.
Аудандық мәдениет үйінде орналасқан № 723 учаскесінде сайлауға 717 қатысушы тіркелген.
Мұнда алғашқылардың бірі болып зейнеткер — Ғазиз Әбілов дауыс берді.
– Мен жақын жерде тұрамын. Күн сайын таңертең дене жаттығуына шығамын. Бүгін мен алдымен дауыс беруге келдім. Азаматтық ұстаным – баршаға маңызды деп санаймын. Еліміздің болашағы бізге байланысты, – деп бөлісті ақсақал.
Сайлаудың әділ өту үшін партиялық және тәуелсіз бақылаушылар да әр учаскесінде өз жұмыстарын атқаруда.