Сақтансаң сақтайды
Еліміз бойынша эпид.ахуал мәз емес. Ал, Ұлытау облысы бойынша коронавирус жұқтырған науқастар саны 26 жетті. Сондықтан қаламыздағы жаңадан бой көтерген жұқпалы аурулар орталығының жұмысы алдыңғы орынға шығады. Сол үшін Берік Әбдіғалиұлы бұл орталыққа арнайы барды. Ақауы бар, аяқсыз қалған жұмыстарды тезірек ретке келтіріп орталықты балансқа алу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Өйткені, коронавирус өршісе бұл нысан сақадай сай болуы қажет екені түсінікті.