Сәтбаевта жылыту қазандықтары жөндеуден өтуде
Жөндеу жұмыстарына 75 адам жұмылдырылды. Белгіленген кестеден ауытқулар жоқ.
Екі қазандықтың жұмыстары аяқталды. Жақын күндері үшінші қазандықты күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мақсатында бұдан бөлек 43 км магистральдік желілерді жөндеу көзделген. Оның 25 км — жылу желілері, 14 км — сумен жабдықтау және 2,6 км — кәріз желілері.