Сәтбаев қаласында — жаңа әкім
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Ұлытау облысы әкімінің өкімімен Шапағат Момынбайұлы Әубәкір Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалды.
Шапағат Әубәкір 1983 жылдың 13 сәуір күні Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2005 жылы «Астықжан сауда орталығы» ЖШС-де бастаған.
2006 жылдың 31 шілдесінде «Сәтбаев қ. экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманының міндетін атқарушы, артынша дәл сол жылдың 22 қарашасында бас маманы болып тағайындалды.
2010 жылдың 7 мамырынан бастап 2013 жылдың 7 қарашасына дейін «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік саясат және жоспарлау секторының бас маманы лауазымында қызмет атқарды.
2013 жылдың 8 қарашасынан бастап 2015 жылдың 21 шілдесіне дейін «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджетті жоспарлау және орындау секторының бас маманы лауазымында болды.
2015 жылдың 21 шілдесінен бастап 2016 жылдың 20 маусымына дейін «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджетті жоспарлау секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2016 жылдың 20 маусымынан 2020 жылдың 20 наурызына дейін «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2020 жылдың 20 наурызынан 2021 жылдың 5 қазанына дейін «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы қызметінде болды.
2021 жылдың 5 қазанында Сәтбаев қаласының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, ал 2021 жылдың 11 қарашасынан осы тағайындауға дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.