Құрылысшылар құрметтелді

Бүгін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңіріміздің құрылысшылары мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Жиында өңір басшысы сала қызметкерлерін ҚР «Құрметті құрылысшысы», «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, ҚР ИИДМ-нің Құрмет грамотасымен, Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

«Ауқымды сала еңбеккерлерінің арқасында биыл барлық қаржыландыру көзі есебінен жалпы 111,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оқушыларға жағдай жасау мақсатында Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатына арналған 200 орындық жатақхана құрылысы басталып, пайдалануға берілуі 2024 жылы жоспарланған. Жаңадан құрылған жас облыстың қарыштауы мен инфраструктурасын дамыту үшін құрылыс саласының маңызы зор» – деді Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.

Сонымен қатар жиынға Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов қатысып, кәсіби мереке иелері мен ардагерлеріне Ұлытау облысының Құрмет грамотасын табыс етті.