Құрылысшылар құрметке ие болды

Құрылысшылар кәсіби мерекесіне орай Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңіріміздің құрылысшыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді.
Өңір басшысы өз сөзінде: «Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай алдағы 3-4 жылда облыс аумағында тек мемлекет қаражаты есебінен 56 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу көзделіп отыр. Оған қоса Жезқазғанға облыс орталығы мәртебесінің берілуіне орай әкімшілік, мәдени, білім беру, спорттық, денсаулық сақтау және басқа да жаңа нысандарды орналастыру қажеттілігі туындауда. Бір сөзбен айтқанда өңіріміз үлкен құрылыс алаңына айналады. Құрылыс майталмандарын халқымыздың өмірін жақсартуға бағытталған ауқымды игі іске қатысып, кәсіби шеберлік көрсетуге шақырамын. Бүгінде жас мамандар ардагер аға буын тәжірибесін жалғастыра отырып, өңіріміздің жаңа кезеңдегі дамуына бар күш-жігерлерін арнап, атсалысады деген сенімдемін», деді.
✅Мерекеге орай Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Құрметті құрылысшы» төс белгісімен Т.Жанғозин, Б.Сикимов, С.Сыздықов, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Құрмет грамотасымен Қ.Құлмағанбетов марапатталды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Алғыс хатына И. Булгаков, Ғ. Сенгирбаева, С. Самылтыров ие болса, Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хатымен Р. Курелов, Н. Громов А. Кенжалинов, Д. Кисляков, Е. Нурдхан, Б. Өмірбеков марапатталды.