Құрылыс нысандарын аралады

Ұлытау ауданының əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ пен аудандық мəслихаттың төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ Қаракеңгір ауылында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан əлеуметтік нысандарды аралап көріп, құрылыс барысымен танысты.

Алдымен облыстық бюджет есебінен салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстарын көрді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысанның құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталған. Медициналық жабдықтары 95% жеткізілген. Қалған жабдықтарын апта аяғына дейін жеткізбек. Қазіргі таңда нысанды қабылдау мақсатында құжаттар əзірленуде.
Одан кейін аудандық бюджет есебінен салынып жатқан жабық спорт алаңының жұмыстарымен танысты. Ауылдық елді мекендердегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынып жатқан құрылыс нысанының қазіргі уақытта құрастыру-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан əкімі аталған нысандардың ауыл халқының игілігі үшін салынып жатқанын мердігерлерге ескерте отырып, сапалы, əрі мерзімінде аяқтауын ескертті.
Аудан басшысы сонымен қатар Қаракеңгір ауылдық округінің əкімі Жалғас Төреге ауылдағы нысандардың жылуын қамтамасыз етуді, елді мекендерде жарықтың үздіксіз беру жұмыстарын қадағалауды, көше жолдарын қардан дер кезінде тазалауды, қар қалың түсіп, аяз күшейген жағдайда шалғай орналасқан шаруа қожалықтармен байланыс орнату, қысқы мал азығын уақытылы жеткізуді ұйымдастыруды тапсырды.

Ұлытау ауданы əкімінің баспасөз қызметі.