«Құрылыс кодексі» заң жобасы және «E-Qurylys» енгізу мәселесі талқыланды
2023 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, «Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ, «Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен, бизнес-қоғамдастықтар және құрылыс саласының сарапшыларымен С.Қожамқұлов атындағы театрда «Құрылыс кодексі» заң жобасын талқылау, сондай-ақ «E-Qurylys» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша іс-шара өткізді.
Құрылыс Кодексі жобасының ұсынылған нұсқасы 43 тараудан және 260 баптан тұрады. Кодексті енгізу негізгі маңызы бар құрылыс мәселелерін реттеуге, жетілдетуге және кемелдендіруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, кадр мәселесінің төмендеуі, бақылаудың тиімсіздігі, құрылыс сапасының төмендеуі, қоршаған орта мен денсаулыққа зияны мен басқа да өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді.
«E-Qurylys» бұл ғимараттар мен нысандар құрылысының сапасын бақылауды күшейту мақсатында әзірленген құрылыс саласында цифрландыруды енгізуге бағытталған мемлекеттік ақпараттық жүйе.