Рухты асқақтатар рәміздер
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рəміздер күні қарсаңында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығы РМҚК жəне Ұлытау аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты оқырмандардың Қазақстан туралы білімін кеңейту, Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Əнұраны жəне Елтаңбасын қастерлеуге үйрету, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, елінің патриоты болуға тəрбиелеу.
Шара Қазақстан Республикасынның Əнұранымен басталды. Бұдан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов пен еңбек ардагері Қуаныш Бекілдеков жиналғандарға мемлекеттік рəміздері туралы толық мағлұмат беріп, мерекемен құттықтады. Ал, аудандық кітапхана жанынан ашылған, жас ақындар клубының төрағасы Құрмет Тлеулинов “Рəміздерім” атты өзінің жазған өлең шумақтарын көпшілікке оқып берді.
Мерекеге орай, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығының қызметкерлері Қымбат Мағзұмова мен Дильназ Жақыпбекова дайындаған баяндамаларын жасады.
Біздер тəуелсіз Қазақ елінің ұрпақтары Тəуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін еліміздің мемлекеттік рəміздерін қастерлеп құрметтеу бəріміздің міндетті парызымыз болып саналады деп аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Ниязова шараны қорытындылады.
Гүлсұлу БАЛДУОВА,
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығы РМҚК экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің басшысы.