Құрметті жерлестер! Қадірлі ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен жəне жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру – біздің басты міндетіміз. Сол себепті аудан мектептерін жаңа заманға сай цифрлық білім беру ресурстарымен қамту, кеңжолақты интернетке қосу жəне видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
Шындығында, ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тəрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда мемлекет үшін білім саласы қашан да маңызды болып қала бермек.
Қадірлі ұстаздар!
Сіздерге өскелең ұрпақты тəрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, алдағы Білім күнімен құттықтаймыз!
Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс тілейміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Мақсұт ОСПАНОВ,
аудан əкімінің міндетін атқарушы.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы.