Құрметті зейнеткерлер, тыл және еңбек ардагерлері!

Сіздерді аудандық ардагерлер кеңесі ұйымы 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды.

Мемлекетіміздің саясаты Қазақстан Республикасындағы қарияларымыздың тұрмысын жақсартуға бағытталған ардагерлердің Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі зор. Барлық саналы ғұмырын ауданымызды дамытуға жұмсаған Сіздердің еңбектеріңіз кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге. Қашаннан қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына тәрбиемен сіңген қасиет. Сіздердің ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз орасан зор. Ауданымыздан шыққан білімді азаматтардың өркениетті, мемлекетімізді дамытуға қосқан үлестері де тек Сіздер арқылы көрініс табады.
Бүгінгі мереке күні қазыналы қарттарымызға зор денсаулық, жанұялық бақыт тілей отырып, балаларыңыз бен немере-шөберелеріңіздің қызық-қуанышына бөлене берулеріңізге шын көңілмен ардагерлер кеңесі ұйымы тілектестік білдіреді. Сіздерге мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық, жақсы көңіл-күй тілейміз.
Мереке құтты болсын, қымбатты ардагерлер!

Серік ТӘШЕНОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.