Құрметті ұстаздар қауымы! Ардақты білім саласының ардагерлері!

Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Шəкірттерін білім нəрімен сусындатып, олардың бойына асыл қасиеттерді дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашанда ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай. Расында, ұстаз – шəкірт бойына асыл ой, адамгершілік, ұлттық сана-сезімді сіңіре білетін тəрбиеші. Ел болашағын сеніп тапсырар, Тəуелсіз Қазақстанның əрі қарай нығаюына үлес қосар өскелең ұрпақты тəрбиелейтін беделді тұлға.
Сондықтан да, ұстаздық – қай кезде де сый-құрметке лайық əрі сұранысқа ие, қадірлі де қастерлі мамандық болып қала береді. Себебі, қарапайым жұмысшы да, ел басқарып отырған тұлға да, ғалымдар мен өнертапқыштар да, əлемді бағындырып жүрген өнерпаздар да ұстаз алдынан өтіп, мұғалімнің тəлім-тəрбиесін алатыны сөзсіз. Сондықтан, Ұстаздар күні – қоғамдағы орны тым ерек мерекелердің бірі.
Бүгінгі күні ауданның білім саласында 457 мұғалім еңбек етеді.
Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарына 27 жас маман қабылданды.

Қадірлі ұлағатты ұстаздар!
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Сондықтан, еліміздің келешегі Сіздердің қолдарыңызда!
Қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғыс білдіреміз! Еліміздің атын əлемге танытатын білімді де, талантты шəкірттеріңіз көбейе берсін!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мəслихаттың төрағасы.