Құрметті құрылысшылар! Қадірлі құрылыс саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрылыс индустриясы – экономиканың негiзгi iргетасы. Әрбір елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрғыда ілгері басуы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Себебі, ол – қоғамдық өміріміздің күрделі әрі кешенді жүйесі. Сондықтан, құрылысшы – құрметті де мәртебелі мамандық.
Ауданымызда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының деңгейі – өңір экономикасының өркен жайып келе жатқанының айқын айғағы. Өңір тұрғындарының сұранысы мен тілегі бақылаудан бір сәт те тысқары қалып көрген емес. Қазіргі таңда жекелеген тұрғындар да жер телімдерін алып, тұрғын үй тұрғызуға күш салуда. Мұның бәрі ауданда құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқанын, құрылысшылардың аянбай еңбек ете білетіндігін көрсетеді. Құрылыс саласының қарқынды дамуының тағы бір жарқын дәлелі – аудан орталығында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлер. Бұл үрдіс қазір де жарасымды жалғасын табуда. Сонымен қатар, әлеуметтік сала нысандары күрделі жөндеуден өткізілуде. Ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы жүргізіліп жатыр. Міне, осының бәрі құрылысшылар қауымы еңбегінің толымды жемісі.
Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, баянды бақыт тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.