Құрметті прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары өзінің қалыптасу жолдарынан өтті. Прокуратураның беделі еселеп өсіп, оның әлеуметтік маңыздылығы артта түсті. Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды міндеттерді орындай отырып, прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.
Еліміздегі тұрақтылық пен азаматтардың қалыпты өмір сүруі прокуратура органдарының қызметінің тиімділігіне тікелей байланысты. Прокурорлық қадағалау қоғам өмірінің барлық маңызды саласын қамтиды, ал тиімді құқық қорғаушылық мақсат пен заңның үстемдігі – оның қызметінің негізгі мазмұны.
Прокуратура қызметкерлері күнделікті қызметінде кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне айнымас адалдықтарын таныта отырып, қадағалау органдарының тиімділігі арта түсуіне өлшеусіз үлес қосып келеді.
Мерейлі сәтте Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мемлекет игілігі үшін тынымсыз атқарып жүрген қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
 
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.