Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері! Ардақты ардагерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Прокуратура қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Прокуратура – елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етіп, азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғайтын, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың берік кепілі болып отырған аса маңызды мемлекеттік институт. Бұл салада Сіздердің атқарып жүрген жауапты қызметтеріңіз – кәсібиліктің, ұқыптылықтың және елге адалдықтың айқын көрінісі.
Ұлытау облысы құрылған күннен бастап өңірімізде құқықтық тәртіпті нығайту, мемлекеттік мүддені қорғау, тұрғындардың өтініштеріне әділ қарау, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарып келесіздер. Бұл – Сіздердің жоғары жауапкершіліктеріңіздің, тиянақтылық пен табандылықтың нәтижесі.
Ұлытау халқының және өз атымнан Сіздердің еңбектеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңізбен бірлескен жүйелі жұмыстың арқасында өңірімізде тәртіп пен әділдік қағидаттары орнығып, қоғамның құқықтық мәдениеті артып келеді. Алдағы уақытта да Сіздердің абыройлы қызметтеріңіз ел сенімін ақтай беретініне сенімдімін.
Қадірменді сала ардагерлері!
Сіздердің бай тәжірибелеріңіз бен парасатқа толы жолдарыңыз – бүгінгі буын үшін үлкен мектеп. Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, кейінгі ұрпаққа өнеге болып келеді.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызмет жолдарыңызға толағай табыс тілеймін!
Әділдік жолындағы ерен еңбектеріңіз жемісті болып, мәртебелеріңіз әрдайым биік болсын!
Прокуратура қызметкерлері күні құтты болсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.
