Құрметті облыс тұрғындары!

2023 жылғы 20 қаңтар мен 20 наурыз аралығында Ұлытау облысының Қорғаныс істері басқармасы мен бөлімдерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мерзімді қызметіне 18-27 жас аралығындағы жастармен «Көктем-2023» шақырылымы аясында зерделеу, іріктеу науқаны өтуде. Іріктелген шақырылушылар мерзімді қызметін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу Департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында (бұрынғы Үшарал шекара отрядында) атқарады. Қызмет мерзімі – бір жыл. Мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін келісім-шарт қызметіне қызмет етуге немесе Жоғары әскери оқу орындарына емтихансыз түсуге мүмкіндік бар. Әскери қызметкерлерге барлық әлеуметтік пакет қамтамасыз етіледі.
Қосымша ақпарат қажет жағдайда осы телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8(7102) 72 33 35, 87014966833, 87477235334. Мекен-жайымыз: Жезқазған қ., Амралин көш., 26.