Құрметті металлургтер! Қымбатты металлургия саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Металлургия – қазақстандық экономиканың түйінді салаларының бірі. Ол өнеркәсіптік әлеует пен мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың негізі болып табылады.

Металлургтер күні – төзімді, өз кәсібіне адал, ермінезді, ұстамды жандардың мерекесі. Өндірісте шыңдалған адамдар әрқашан адал еңбек етіп, алдыңғы буынның сара жолын, дәстүрін жалғастырады. Металлургия қашанда отандық экономиканы алға бастаушы сала болып қала береді. Ол арқылы елдің өнеркәсіптік қуаты арта түседі. Бұл – аса жауапты іс.

Қарашаңырақ Қарсақбайдағы металлургтер ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарып келеді. Сіздер – өндірісті ауқымды жаңғыртудың, шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін көтерудің, экономикалық байланыстар жүйесіндегі міндеттерді табысты шешудің кепілісіздер.

Сондықтан өңірдегі металлургиялық кәсіпорында еңбек етіп жүрген барша мамандық иелеріне зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз қандай құрметке де лайық. Өңіріміздің металлургия саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін де ризашылығымыз шексіз.

Мерейлі сәтте баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілейміз!

Қазақстанның кемел келешегі жолындағы еңбектеріңіз табысты бола берсін!

 Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.